"Астананың" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Екінші іріктеу кезеңіне өткен жағдайда "Коннас Куэй Номадс" (Уэльс) / "Сараево" (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазы "Астананың" қарсыласы болады. Екінші кезеңнің ойындары 25/26 тамызда өтеді.

"Астана" алаңның номиналды қожайыны болады, алайда елдегі карантиндік шараларға байланысты ойынның қай жерде өтетіні әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылған болатын. Михал Билек шәкірттерінің қарсыласы - Беларуссияның "Динамо Брест" командасы. Матч 18/19 тамыз күні Белоруссияда өтеді.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?