"Астананың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы чемпионаттағы матчын кейінге қалдырды

Сурет "Динамо Брест" сайтынан алынды.
Футболдан Белоруссия чемпионатының "Динамо" мен "Белшина" арасындағы матч 22 тамызға жоспарланған еді. "Динамо" клубы матчты 21 тамызға ауыстырды.

"Динамо Брест" клубының УЕФА Чемпиондар лигасына дайындығы мен қатысуына байланысты, ABFF бәсекелестік департаменті 22-ші тур матчын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

"Матч 2020 жылдың 21 тамызында 20:00-де өтеді. Бұған дейін ойын 22 тамызда өтеді деп жоспарланған еді",- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Динамо" клубының "Слуцкпен" ойыны белгісіз мерзімге кейінге шегерілген болатын, ойын 12 тамызда өтуі керек еді. Бұл жағдайда кейінге қалдыру елдегі президенттік сайлаудан кейін Минск пен басқа қалаларда өтіп жатқан наразылықтармен байланысты болса керек.

18 тамызда «Динамо» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Астанамен» өз алаңында кездеседі. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесі бойынша анықталады.
Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?