auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" еурокубок ойындарын Еуропа лигасында жалғастырады

Елордалық команда "Динамо Загребке" қарсы қарымта ойында да жеңіске бастар жолды таппады.

"Астана" еурокубок ойындарын Еуропа лигасында жалғастырады
"Астана" ФК
"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмады. Елордалық команда "Динамо Загребке" қарсы қарымта ойында да жеңіске бастар жолды таппады.

Загребтегі "Максимир" стадионында өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Голды 74 минутта Марио Гавранович соқты.



Елордалық команданың бас жаттықтырушысы Роман Григорчук Джуниор Кабананганы негізгі құрамда шығарған жоқ. Шабуылда Янгоға сенім артты. Ойынның аяқталуына 10 минуттан асық уақыт қалғанда ғана ойыншы алмастырды. Кабананга, Мужиков пен Щеткинді шығарды. "Астананың" шабуылда адуыны артқанмен, гол соға алған жоқ. Бір гол соққанмен, төреші оффсайд болғанын аңғарып, нәтижені есепке алмады. Ал Джуниор Кабананганың алыс қашықтықтан тепкен добы қақпа бағанына тиіп, биікке серпілді.



Бір апта Астанада өткен ойында да хорватиялық команданың мысы басым болған еді. Бұл жолы да басымдығын байқатты. Қос ойын қорытындысы бойынша (3:0) "Динамо Загреб" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті. Онда Швейцарияның "Янг Войз" командасымен кездеседі.

Астана Чемпиондар лигасынан шығып қалғанмен, еурокубок ойындарын Еуропа лигасында жалғастырады. Бұл жарыстың плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ және Израильдың "Хапоэль Беэр Шева" командалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Екі команда арасындағы алғашқы ойын 2:2 есебімен аяқталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар