auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" Дания чемпиондарын соңғы секундта сан соқтырды

"Астана" Дания чемпиондарын соңғы секундта сан соқтырды
vesti.kz
"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында "Мидтьюлландты" ұтты. Елордада өткен кездесуде отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Командалар арасындағы ойын 19 шілде күні дүниеден озған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алумен басталды.

Елордалық команда бірінші таймда есеп ашты. 31 минутта Ласло Кляйнхайслердің алыстан тепкен добы "Мидтьюлланд" командасының қақпасында тулады.

Дат командасы екінші таймда таразы басын теңестірді. 51 минутта Викхейм "Астана" қорғаушысынан сытылып өтіп, соққы жасады. Ненад Эрич жартылай қорғаушының жерлете тепкен добын қайтарып үлгермеді.

Есеп теңескеннен кейін елордалық команда шабуылын үдетті. Соңғы минуттарға дейін гол соғуға ұмтылып, жеңіске бастар жолды іздеді. Негізгі уақытқа қосылған соңғы 4 минутта "Астана" алға шықты. Бұл жолы да Ласло Кляйнхайслер алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Есеп 2:1. 



Қос команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күні Данияда өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар