Арьен Роббен карьерасын аяқтады

Сурет "Гронингем" сайтынан алынды.

"Челси", "Реал", "Бавария" мен Нидерланды құрамасының бұрынғы футболшысы Арьен Роббен 37 жасында карьерасын аяқтады.

"Өте қиын шешім. Барлығыңызға қолдауларыңыз үшін рақмет айтқым келеді", - деп жазды Роббен инстаграм-парақшасында. 

Айта кетейік, Роббен "Бавария" сапында Чемпиондар лигасын жеңіп, сегіз рет Германия біріншілігінде топ жарды. Сондай-ақ, ол Англия және Испания чемпионы болған. ПСВ командасымен Нидерланды чемпионы атағына қол жеткізген. 

Нидерланды құрамасымен Арьен 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін, 2004 және 2010 жылдары Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол соңғы маусымды "Гронингем" сапында өткізді.

Метки:
Жаңалықтар
13 наурыз, 11:35
Чемпиондар лигасы
"Барселона" ЧЛ ширек финалына өтті
14 желтоқсан, 14:26
Чемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасының жеребесі қашан тартылады?