Кикбоксинг
23 желтоқсан 2019 14:38

UFC-дің қазіргі чемпионын сұлатқан кикбоксшы тағы бір қарсыласын дәл солай талдырды

© fightmag.com.au
Бразилиялық кикбоксшы Алекс Перейра Glory Collision 2 турнирінде Эртугрул Байракты ауыр нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Eurosport.


Нидерландының Арнем қаласында өткен жекпе-жекте Перейра бірінші раунд соңында Байракты гонг дыбысымен бір мезетте сұлатты.




2017 жылы Перейра сол жақ хукпен орта салмақта UFC ұйымының қазіргі чемпионы Исраэль Адесаньюді нокаутқа түсірген еді.




Енді Перейра MMA-ге өткісі келеді. Оның кикбоксингтегі статистикасы - 31 жеңіс және алты жеңіліс (20 - нокаут).