Кикбоксинг
27 қараша 2023 12:05

Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

©kazsports.kz

Португалияның Албуфейра қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Олар фулл-контакт, лоу-кик және К1, кик-лайт секілді төрт бөлім бойынша сынға түсті. Бәсекеде әлемнің 70 елінен 573 спортшы қатысты.

Ұлттық құрама нәтижесі келесідей:

Фулл-контакт:

Алтын – Марғұлан Айдарұлы (75 кг)
Күміс – Данияр Жарасов (54 кг), Аслан Асылбеков (57 кг), Мақсат Үсіп (71 кг), Тимур Ғанза (81 кг)
Қола – Дінмұхамед Баймұратов (51 кг), Батырхан Қуандықов (67 кг)

Лоу-кик:

Алтын – Диас Карманов (57 кг)
Күміс – Алихан Оздоев (67 кг)
Қола – Алина Төлегенова (52 кг), Бейбарыс Сауханбек (60 кг), Шара Хамзина (65 кг)

К1:

Алтын – Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (54 кг), Нұрдаулет Қалшора (57 кг)
Қола – Шыңғысхан Тілемісов (63,5 кг), Берік Қалықов (71 кг), Руслан Степанов (81 кг), Гүлбану Саматова (70 кг), Салават Рахимзанов (91 кг)

Кик-лайт:

Қола медаль – Мереке Жүнісова (+70 кг), Фазлиддин Сафаров (+91 кг);

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport