Бір ғана соққы. Кикбоксшы турнир кезінде басына тиген хай-киктен көз жұмды

Эквадорда кикбоксингтен өткен турнирдегі жекпе-жектердің бірі қайғылы аяқталды,- деп хабарлайды "Чемпионат".

25 жастағы спортшы Йоэль Кахускаи жекпе-жек кезінде басына тиген хай-киктен кейін терең нокаутқа түсті. Соққының ауырлығынан басына киген дуылғасы да көмектеспегенге ұқсайды.

Өкініштісі рингсайдта парамедик болмаған, дегенмен, спортшыға алғашқы жәрдем жасауға тырысқан. Кейін Йоэльді ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің диагнозы спортшының миына қан кеткенін анықтады. Бірақ көрсетілген көмек пен жансақтау шараларына қарамастан, дәрігерлер жас спортшыны аман алып қала алмады. 

Метки: