Скабелка немесе Селин. "Барыс" қай бапкердің бастамасымен аз шайба жіберді?

Андрей Скабелка. Сурет "Барыс" клубының сайтынан алынды.
Құрлықтық хоккей лигасының өткен маусымында "Барыс" командасы ең аз шайба жіберген командалардың үздік бестігіне қосылды. Андрей Скабелка жаттықтырған ұжым алдына тек фовариттерді ғана жіберіпті. Орташа есеппен елордалық клуб әр ойында екі шайбадан жіберіп тұрған. Осыған орай Vesti.kz порталының тілшісі "Барыстың" өткен 12 маусымда қорғанысы қалай болғанын анықтап көрді. 

Құрлықтық хоккей лигасының бірінші маусымында "Барыстың" қорғанысы ең нашарлардың қатарында болды. Төменнен санағанда үшінші орынға тұрақтады. Соған қарамастан біздің ұжым плей-офф кезеңіне шықты. 

Елордалық клубтың қорғанысы Скабелка келгеннен бастап дұрыстала басталды. Беларусь маманы команда тізгінін ұстаннан кейін орташа есеппен екі голдан жіберген. Ал Андрей Назаров (2014/2015 маусым) пен Ари-ПеккА Селиннің көрсеткіштері екінші және үшінші орында. 

Сонымен, "Барыстың" әр маусымдағы қорғанысың күшін есептеп көрейік: 

2008/2009 - маусым

"Барыс" - 3,41 (56 кездесуде 191 шайба)

2009/2010 - маусым 

"Барыс" - 3,09 (56 кездесуде 56 шайба)

2010/2011 - маусым

"Барыс" - 2,81 (54 кездесуде 152 шайба)

2011/2012 - маусым 

"Барыс" - 2,96 (54 кездесуде 160 шайба)

2012/2013 - маусым

"Барыс" - 3,1 (52 кездесуде 161 шайба)

2013/2014 - маусым  

"Барыс" - 2,91 (54 кездесуде 157 шайба)

2014/2015 - маусым

"Барыс" - 2,75 (60 кездесуде 165 шайба

2015/2016 - маусым

"Барыс" - 3,07 (60 кездесуде184 шайба

2016/2017 - маусым

"Барыс" - 2,78 (60 кездесуде 167 шайба)

2017/2018 - маусым

"Барыс" - 2,93 (56 кездесуде 164 шайба)

2018/2019 - маусым

"Барыс" - 2,4 (62 кездесуде 149 шайба)

2019/2020 - маусым 

"Барыс" - 2,21 (62 кездесуде 137шайба)

Еске салайық, ҚХЛ-дағы жаңа маусымда "Барыс" қазақстандық бапкер Юрий Михайлистің жетекшілігімен бастайды. Ойындар қыркүйек айында басталуы керек. Ал маусымға дайындыққа "Барыс" шілде айының ортасында кіріседі.