Құрлықтық хоккей лигасының бірінші маусымында "Барыстың" қорғанысы ең нашарлардың қатарында болды. Төменнен санағанда үшінші орынға тұрақтады. Соған қарамастан біздің ұжым плей-офф кезеңіне шықты.
Елордалық клубтың қорғанысы Скабелка келгеннен бастап дұрыстала басталды. Беларусь маманы команда тізгінін ұстаннан кейін орташа есеппен екі голдан жіберген. Ал Андрей Назаров (2014/2015 маусым) пен Ари-ПеккА Селиннің көрсеткіштері екінші және үшінші орында.
Сонымен, "Барыстың" әр маусымдағы қорғанысың күшін есептеп көрейік:
2008/2009 - маусым
"Барыс" - 3,41 (56 кездесуде 191 шайба)
2009/2010 - маусым
"Барыс" - 3,09 (56 кездесуде 56 шайба)
2010/2011 - маусым
"Барыс" - 2,81 (54 кездесуде 152 шайба)
2011/2012 - маусым
"Барыс" - 2,96 (54 кездесуде 160 шайба)
2012/2013 - маусым
"Барыс" - 3,1 (52 кездесуде 161 шайба)
2013/2014 - маусым
"Барыс" - 2,91 (54 кездесуде 157 шайба)
2014/2015 - маусым
"Барыс" - 2,75 (60 кездесуде 165 шайба
2015/2016 - маусым
"Барыс" - 3,07 (60 кездесуде184 шайба
2016/2017 - маусым
"Барыс" - 2,78 (60 кездесуде 167 шайба)
2017/2018 - маусым
"Барыс" - 2,93 (56 кездесуде 164 шайба)
2018/2019 - маусым
"Барыс" - 2,4 (62 кездесуде 149 шайба)
2019/2020 - маусым
"Барыс" - 2,21 (62 кездесуде 137шайба)
Еске салайық, ҚХЛ-дағы жаңа маусымда "Барыс" қазақстандық бапкер Юрий Михайлистің жетекшілігімен бастайды. Ойындар қыркүйек айында басталуы керек. Ал маусымға дайындыққа "Барыс" шілде айының ортасында кіріседі.