Швециялық шабуылшы "Барыс" сапына қалай қосылғанын айтып берді

Якоб Лилья. Сурет: hd.se©
Хоккейден Швеция құрамасының шабуылшысы Якоб Лилья Hockeynews.se порталына берген сұқбатында "Барыс" сапына қалай ауысқанын және келісмшарты туралы айтып берді. 

Соңғы маусымда Лилья Ұлттық хоккей лигасында (NHL) "Коламбус" сапында өткізіп, 37 кездесуде (2+3) ұпай жинады. 

Лильяның айтуынша, оның Ұлттық хоккей лигасында қалуға мүмкіндігі болған екен. Сонымен қатар Құрлықтық хоккей лигсында ойнайтын командалардан да ұсыныс түскен. Бірақ, нақты ұсынысты тек "Барыс" жасапты. 

"ҚХЛ-ден ұсыныс келгенде мен үшін жақсы мүмкіндік деп ойладым. Өйткені, АҚШ-та маусымның қашан басталанатынын нақты ешкім білмейді. Сондықтан да келісімшартым бар екеніне қуаныштымын. 

"Коламбуста" қалғым келді ме? Иә. Бірақ, ол жақта қалу оңай емес. Егер келісімшарт біртарапты болғанда бірнеше сағатта-ақ  жазып тастайтын едік. Алайда, олардан екітарапты келісімшарт келді. Енді қазір ол жақта не болатыны белгісіз. Бұл әрине вирусқа байланысты. 

Мен швециялық клубтармен келіссөз жүргізген жоқпын. "Коламбуспен" сөйлестік. ҚХЛ-да ойнайтын бірнеше клубтан ұсыныс болды. Бірақ, қағаз жүзінде бір ғана ұсыныс келді. Әзірше шет елде ойнағым келеді. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе. 

"Барыс" сапына шілде айына, жаттығу жиындары басталғанда қосылатын шығармын. Ол жақта да жағдай коронавирусқа байланысты. Сондықтан мен жаңа командама шілде де қосыламын ба, әлде кейін қосыламын ба нақты білмеймін. 

"Барыс" ұсынған шартқа көңілім толады ма? Иә, әрине. Қазір әлемдегі жағдайға байланысты жалақының төмендегені түсінікті. Дегенмен де бұл клуб Швециямен салыстырғанда жақсы жалақы ұсынды. Бірақ, эскроу және басқа да жағдайларға байланысты менің жалақым ҚХЛ өлшемі бойынша қандай екенін білмеймін", - деді хоккейші. 

Эскроу дегеніміз ҰХЛ-да хоккейшілердің жалақысынан бір маусым бойында алынатын салық сияқты. Бұл клубтың кірісі мен шығынын қадағалау үшін жасалатын дүние. Егер клубтардың барлығы қаржылық міндетін толық атқаратын болса, хоккейшілер бұл ақшаларын кері қайтара алады. Бірақ, қазір коронвирусқа байланысты көп клубтарда қайтпайтын шығар. Қазір эскроудың мөлшері 11 пайыз. Алдағы уақытта ҰХЛ бұл көрсеткішті 25 пайызға дейін көтеруге ниетті.