Құрлықтық хоккей лигасы Олимпиада ойындары кезінде матч өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚХЛ сайты.
ҚХЛ клубтар арасында "Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына орай чемпионаттағы үзіліс кезінде ойындар өткізуге дайынсыздар ма?" деген тақырыпта сауалнама жүргізген. Оның нәтижесінде Лигадағы 24 клубтың 16-сы "қарсымыз" деп жауап беріпті.
Осылайша, Лига клубтардың мүдделерін ескере отырып, олимпиадалық үзіліс кезінде ойындар өткізбеу туралы шешім шығарды.
ҚХЛ биылғы маусымының қалған бөлігін өткізу форматына қатысты түпкілікті шешім ақпанның 10-нан кейін жарияланбақ.