Коронавирусқа байланысты "Барыс Арена" карантинге жабылды
Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Арена" мұзайдыны коронавирус індетіне байланысты карантинге жабылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
"Барыс" 17 қыркүйек күні Құрлықтық хоккей лигасында алдағы бірнеше ойынның кейінге шегерілгенін хабарлады. Оған себеп команда ойыншыларынан коронавирустың анықталуы болды. ҚХЛ ақпараты бойынша, командада 12 адам вирус жұқтырып алған.
Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, "Барыс Арена" алдағы сенбі, яғни 26 қыркүйекке дейін жабылған. Мұзайдынында барлық жаттығулар тоқтатылған. Клубтың қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бірақ ол қазір қашықтықтан жұмыс істеуде.
Нұр-Сұлтан қаласында "Барыс" алдағы ойынан 4 қазан күні өткізуі керек еді. Бірақ бұл ойын кейінге шегерілді.

Жарнама