Ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков ойнайтын "Ак Барс" командасының хоккейшілері қанша жалақы алатынын жариялады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл ақпарат бойынша, 24 жастағы Панюков 18 миллион рубль алады екен. Бұл жерде хоккейшілерді сыйақысыз, таза табыстары айтылған.
Еске салайық, Панюков "Барыс" командасының тәлімгері. Ол "Ақ Барс" сапына ауысарға дейін елордалық команданың намысын қорғаған.
Биыл шабуылшы казандық команда сапында ҚХЛ-де 32 ойынға қатысып, сегіз шайба соққан. Ал оның командасы 66 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында келеді.