auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншылар кімдер?

ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншылар кімдер?
Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Таяуда Ресейдің «Спорт-Экспресс» газетінің сайтында Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ең көп еңбекақы алатын ойыншылардың тізімі жарияланды. Бай-ауқаттылар қатарында 27 жастағы «Барыстың» тасқамал қорғаушысы Даррен Диц те бар. Жоғарыда аталған тізімде ол 9-орынды иеленді.

Даррен Диц Канаданың Альберта провинциясының Медисин-Хат деп аталатын шағын қаласында дүние есігін ашты. Өзінің спорттық карьерасының алғашқы кезеңдерін ол «Монреаль Канадиенстің» Америка хоккей лигасындағы (АХЛ) өнер көрсететін «Гамильтон Булдогс» пен «Сент-Джонс Айскэпс деп аталатын фарм-клубтарында бастады. Ішкі біріншілікте көзге түсіп, қырағы мамандар назарын бірден өзіне аударды. Содан 2015-2016 жылғы маусымды Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өткізді. Бірақ Диц «Монреаль Канадиенсте» көп тұрақтаған жоқ. Көп ұзамай айтулы қорғаушы АХЛ-ға қайта оралды.


2017 жылы Даррен Қазақстанға қоныс аударып, «Барыстың» жейдесін киді. Келген бетте ол айқышты өнер көрсетіп, елордалық жанкүйерлердің сүйікті ойыншыларының біріне айналды. Оның негізгі амплуасы қорғаушы болғанымен, Диц өз міндетін мүлтіксіз атқарып қана қоймай, жиі-жиі шабуылдарға да араласып тұрады. Канадалық легионер сан мәрте оңтайлы пас беріп, маңызды голдар соққанын да көзіміз көрді. 2019 жылы Қазақстанның азаматтығын алған Даррен сол кезден бері ұлттық құрама командамыздың сапында өнер көрсетуде.

Даррен Дицтің қол жеткізген табыстарына келер болсақ, ол 2019 жылы Қазақстан құрамасы сапында әлем біріншілігінде («А» дивизионы) бірінші орын алды. Сол жарыстың шартты құрамасына енді. Қатарынан екі жыл бойы ҚХЛ-дың «Жұлдыздар матчында» ойнады. Канадалық қорғаушы жылына 75 миллион рубль (421 миллион теңге немесе 999 мың АҚШ доллары) мөлшерінде жалақы алады екен. 

Бұл тізімде Мәскеудің «Динамо» клубының қос ойыншысы көш бастап тұр. 33 жастағы шабуылшы Вадим Шипачевтің жылдық жалақысы 120 миллион рубльді құраса, 27 жастағы сұрмерген Дмитрий Яшкин 95 миллионды қалтаға басады. Үшінші және төртінші орындарды Уфаның «Салават Юлаевы» сапында жасындай жарқырап жүрген 30 жастағы Суоми елінің өкілі Теему Хартикайнен мен Екатеринбургтің «Автомобилист» клубының 32 жастағы чехиялық қақпашысы Якуб Коварж өзара бөлісуде. Олардың әрқайсысы 95 миллионнан иемденуде. Сондай-ақ, ҚХЛ-да ең көп еңбекақы алатын хоккейшілер қатарында канадалық Джастин Азеведо мен швециялық Антон Ландер (85 млн.) және даниялық Филип Ларсен мен финляндиялық Юха Метсола (80 млн.) сынды саңлақтар бар.

Бір жылдық жалақысы дәл Даррен Дицтікіндей 75 миллион рубльді құрайтын тағы алты ойыншы бар. Олар – Алексей Марченко (Ресей, «Локомотив» Ярославль), Андре Петерссон (Швеция, «Локомотив» Ярославль), Сергей Плотников (Ресей, «Металлург» Магнитогорск»), Магнус Пяярви (Швеция, «Динамо» Мәскеу), Антон Слепышев (Ресей, ЦСКА Мәскеу) және Владимир Ткачев (Ресей, «Локомотив» Ярославль).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама