КХЛ
5 қазан 2020 14:15
 
Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы коронавирус жұқтырып алды

  Пікірлер

blog.share

Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы коронавирус жұқтырып алды Найджел Доус. Сурет: ХК "Ак Барс"©

"Ак Барс" хоккей командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Найджел Доус коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлап отыр. 

Сондай-ақ вирусты Данис Зарипов пен Микаэль Викстранд те жұқтырып алған. Соңғысы тіпті вирусты екінші рет жұқтырып отыр екен. 

Биылғы маусымда Доус Құрлықтық хоккей лигасының 12 кездесуіне қатысып, 5 шайба соғып, екі нәтижелі пас берген. Ал Зарипов болса сегіз ойында сегіз ұпай (3+5) жинаған. Викстранд 12 кездесуде үш (1+2) ұпай алған. 

Еске салайық, жазда Доус "Ак Барс" командасына ауысып, бір жылдық келісімшарт жасаған болатын. Оған дейін қазақстандық хоккейші "Автомобилист" командасының намысын қорғаған. 

Ал 2011-18 жылдар аралығында "Барыс" сапында ойнаған. 

Жарнама

Живи спортом!