Мәскеулік ЦСКА клубы Иржи Секачты басқа ойыншыға алматырып алғысы келеді. Осыған байланысты клуб қазіргі уақытта елордалық "Барыс" және минскілік "Динамо" клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Секачтың ЦСКА клубымен 2020/21 маусымның соңына дейін келісімшарты бар. Сәуір айында ЦСКА клубының шабуылшымен қайта келісімшарт жасауға ниетті екені белгілі болды.
2018 жылы "Ақ Барс" сапында Гагарин кубогінің жеңімпазы атанған Секач ЦСКА қатарына 2019/20 жылғы маусымның алдында қосылған. Мәскеулік клуб сапында ол 45 кездесуге қатысып, 25 ұпай жинаған.
Сондай-ақ Секач Ұлттық хоккей лигасында және Чехия мен Словакия біріншіліктерінде бағын сынаған.