"Барыстың" үш хоккейшісі қатардан шығып қалды

©"Барыс" ХК

Шабуылшы Әлихан Әсетов, Алексей Зубков және Мэттью Фрэттин "Барыстың" алдағы кездесулеріне қатыса алмайды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Бұл хоккейшілердің барлығынан коронавирус анықталып, үшеуі де жарақат алған ойыншылардың қатарына қосылды. 

Сондай-ақ, үш ойыншы да оқшауланған. Бірақ олардың ешқайсынан вирустың симптомдары анықталмады. 

Еске салайық, "Барыс" бүгін, 26 қазан сырт алаңда "Сибирь" командасына қарсы кездесу өткізеді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: