"Барыстың" белді хоккейшісі "Тракторға" қарсы кездесуге қатыспайды

©"Барыс" ХК

Бүгін, 25 желтоқсан күні "Барыс" командасы Челябі қаласында "Трактормен" кездесіп, сырт айдындағы ойындарын аяқтайды. Елордалық клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпараты бойынша, бұл кездесуге канадалық шабуылшы Коди Куник қатыспайды. 

"Жарақат алған хлккейшілердің қатарында шабуылшы Аркадий Шестаков бар. Сонымен қатар, алдағы кездесуге "Ак Барсқа" қарсы матчта жарақат алып қалған шабуылшы Коди Куник те қатыспайды", - делінген хабарламада. 

"Трактор" мен "Барыс" арасындағы матч Валерий Белоусов атындағы "Арена Тракторда" өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Трактор" командасы 43 кездесуден кейін 61 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде екінші орында. Ал "Барыс" болса 40 ұпаймен сегізінші сатыға жайғасқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: