КХЛ
1 қыркүйек 2020 18:28
 
"Барыстың" бас бапкерлік қызметіне үміткер болған маман қайтыс болды

  Пікірлер

blog.share

"Барыстың" бас бапкерлік қызметіне үміткер болған маман қайтыс болды

Хоккейден Чехия құрамасының бұрынғы бас бапкері Милош Ржига қайтыс болды,- деп хабарлайды allhockey.ru. 61 жастағы маман емханада көз жұмған. 

"Бұл біз үшін күтпеген жағдай болды. Арамыздан керемет адам, керемет тұлға кетті", - деді бапкердің ұлы Милош. 

"Соңғы айда ол өмір үшін қатты күресті. Осы қиын кезде қасымызда болып, көмектескен барлық жақындарым мен отбасыма алғыс айтамын. Ылғи да жанындағыларға жанашыр болып жүрген әкеме алғысымды айтқым келеді", - деді ол. 

Ржига Ресей жерінде "Химки", "Спартак", "Атлант" және СКА командаларын жаттықтырған. Оның бастамасымен Чехия құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жеткен. Бірақ жүлдеге іліге алмады. Үшінші орын үшін таласта Ресей құрамасына жеңіліп қалды. 

Еске салайық, мамыр айында көптеген БАҚ өкілдері осы маманды "Барыстың" тізгінін ұстауы мүмкін деп хабарлаған болатын. Тіпті келісімшарт қалай жасалатыны да айтылды. Бірақ соңында келісімшартқа қол қойылмады. 

Жарнама

Живи спортом!