"Барысты" жаңа маусымда баптайтын бапкер белгілі болды
Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
Елордалық "Барыс" хоккей командасы Юрий Михайлиспен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Елордалық "Барыс" хоккей командасы Юрий Михайлиспен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.
Жаңа келісімшарт 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.
Еске салайық, Михайлис "Барыс" тізгінін өткен маусымда ұстаған болатын. Бұл маманмен команда өткен маусымда ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне шықты. Ал мамыр айында бапкер Қазақстан құрамасын әлем чемпионатында жаттықтырды.
Жаңа маусымда "Барыстың" бапкерлер құрамында өзгеріс болмайды. Михайлиске Александр Ахцигер, Андрей Шаянов, Максим Семенов және Александр Шимин көмектеседі.
Жарнама