"Барыс" сырт алаңда "Ак Барстан" айласын асырды

©"Барыс" ХК

Елордалық "Барыс" хоккей командасы сырт алаңда "Ак Барс" командасымен кездесіп, жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазан қаласында өткен ойын 3:2 есебімен аяқталды. "Барыс" бірінші шайбаны 19-минутта Самат Даниярдың арқасында салды. 

Екінші кезеңнің басында "Ак Барс" Кирил Петров (23 минут) соққан шайбаның арқасында таразы басын теңестірген.

Кейін 28-минутта Әділ Бекетаевтың  арқасында алға шықты. Ал Линден  Вей елордалық команданың үшінші шайбасын соқты. 

Бұл ойындағы соңғы шайба "Ак Барс" еншісінде. 37-минутта Артем Галимов көзге түсті. Бірақ ары қарай "Барыс" жеңісті сақтап қалды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport