"Барыс" пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері ҚХЛ-дегі клубтың тізгінін ұстайды

©allhockey.ru

"Сочи" командасының бас бапкері болып Андрей Назаров тағайындалады. Бұл туралы "Шайба.kz" хабарлайды. 

Бұған дейін Андрей Назаров елордалық "Барыс" пен Қазақстан құрамасын, питерлік СКА және басқа командаларды жаттықтырған. Маманның соңғы командасы "Нефтехимик" болған еді. Бірақ бұл ұжымнан бапкер 2018 жылдың қазан айында қызметінен қуылады. 

Қазіргі уақытта "Сочи" командасы Құрлықтық хоккей лигасының Батыс Конференциясында соңғы, 12 орында келеді. Бұл команда келесі кездеуін 3 қазан күні минскілік "Динамо" командасына қарсы өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: