"Барыс" өз алаңындағы ойындарды жанкүйерсіз бастайды

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
"Барыс" хоккей клубының президенті Борис Иванищев клубтың Құрлықтық хоккей лигасындағы өз алаңында өткізетін кездесулері туралы айтты,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты команданың кездесулері Қазақстаннан Ресейге ауыстырылуы мүмкін еді. 

Қазан қаласы "Барыстың" ойындарын өткізу үшін екінші аренаны дайындап жатқан болатын. Бірақ қазақстандық клуб  бұл идеядан бас тартты. "Барыс" жаңа маусымдағы өз алаңындағы бірінші кездесуді 10 қыркүйек айында өткізеді. 

"Өз алаңымыздағы матчтарды Нұр-Сұлтан қаласында 10 қыркүйек күні "Куньлун" командасымен бастаймыз. Өкінішке қарай, жанкүйерсіз. Қазірше біз жағдайды бағалап отырмын. Алдағы уақытта өзгеретін шығар", - деді Иванищев. 

Еске салайық, "Барыс" өткен маусымда коронавирус індетіне байланысты ҚХЛ-дың плей-офф кезеңінде ойнаудан бас тартты. Ал биыл турнир басталар алдында лигадан шығып қалуға шақ қалды. 





Метки: