"Барыс" өз алаңында мәскеулік ЦСКА командасынан жеңіліп қалды

Сурет "Барыстың" ресми сайтынан алынды.
Елордалық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік ЦСКА командасымен кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ойынның 33-минутында Никита Михайлис есепті ашты. Нәтижелі пасты Кертис Волк пен Виктор Сведберг берді. 

Бұл Михайлистің биылғы маусымдағы бесінші шайбасы еді. Осылайша ол лиганың үздік сұрмергендері ішінде бірінші орынға шықты. Бірақ бірінші орында біздің шабуылшы жалғыз емес. Ол СКА шабуылшысы Антон Бурдаспен бірге көшбасында тұр. 

Бір шайба басымдығын "Барыс" сақтап қала алмады. 58-минутта Александр Попов есепті теңестіріп кетті.

Сөйтіп командалар негізгі уақытта және қосымша уақытта жеңімпаздарды анықтай алмады. Ал буллит сериясында елордалық ұжым 2:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Аталған кездесуден кейін "Барыс" жеті ұпай жинап, "Шығыс" конференциясында алтыншы орынға жайғасты. Ал ЦСКА болса "Батыс" конференциясында 11 ұпаймен көшбастап келеді.

Еске салайық, бұл екі команда 7 қыркүйек күні Мәскеу қаласында кездесіп, ЦСКА командасы 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 


Метки: