"Барыс" Минскідегі турнирде Андрей Скабелканың командасына қарсы ойнайды

Сурет "Барыс" клубының ресми сайтынан алынды.
"Барыс" хоккей клубы Минск қаласында маусым алдында дайындық ретінде өтетін турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚХЛ-дің ресми сайты. Турнир Беларусь астанасында 19-25 тамыз аралығында өтеді. 

Елордалық клубтың қарсыластары жергілікті "Динамо" және "Юность", сонымен қатар ярославілдің "Локомотив" командалары болады. Соңғы команданың тізгінін "Барыстың" бұрынғы бапкері Андрей Скабелка. 

Бір айта кететін жәйт, әлемдегі эпидомологиялық жағдайға байланысты ҚХЛ-да өнер көрсететін клубтардың жоспарлары өзгеруі мүмкін. 

Еске салайық, 2020/21 маусымға "Барыс" Нұр-Сұлтан қаласында 15 шілде күні бастайды.