"Барыс" құрамына канадалық қорғаушыны қосты
Елодалық "Барыс" хоккей командасы канадалық қорғаушы Джо Морроумен келісімшарт жасағанын хабарлады. Бір жақты келісімшарт маусымның соңына дейін (2022 жылдың 30 сәуір) жасалған.
Елодалық "Барыс" хоккей командасы канадалық қорғаушы Джо Морроумен келісімшарт жасағанын хабарлады. Бір жақты келісімшарт маусымның соңына дейін (2022 жылдың 30 сәуір) жасалған.
Морроу Ұлттық хоккей лигасында "Бостон", "Монреаль" және "Виннипег командаларының намысын қорғаған. Сонымен қатар Құрлықтық хоккей лигасында да төбе көрсеткен. Қорғаушы 2019-2020 жылғы маусымда минскілік "Динамо" сапында ойнайды.
Өткен маусымда 28 жастағы хоккейші Финлияндия біріншілігінде "Эссят" сапында өнер көрсетіп, 29 кездесуде 11 (4+7) ұпай жинады.
Морроу "Барыс" сапында 70 нөмірмен ойнайтын болады.
Джо елордалық команданың сапына келесі аптаның басында қосылады.
Еске салайық, бүгін, 3 қыркүйек күні "Барыс" өз алаңында "Салават Юлаев" командасын қабылдайды. Ойын 19:30-да басталады.
Жарнама