auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында қиын жағдайға тап болды

Елордалық клубтың легионерлері Қазақстанға келе алмай жатыр.

"Барыс" ҚХЛ-дың жаңа маусымы алдында қиын жағдайға тап болды
Сурет "Барыстың" ресми сайтынан алынды.
Коронавирустың кесірінен біраз жерде спорттық бәсекелер тоқтатылса, енді біразы толыққанды өтпей жатыр. Соның зардабын спортшылар қауымы молынан тартуда.  

Қазіргі кезде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жағдайы көптеген жанкүйерлерді алаңдатуда.

Негізі 2020/2021 жылғы маусымның шымылдығы 2 қыркүйекте түрілуге тиіс. Регламентке сай турнирдің басталуына 45 күн қалғанда жарыстың күнтізбесі жариялануы керек еді. Алайда ҚХЛ-да күш сынасып жүрген кейбір шетелдік клубтарға әлі виза берілген жоқ. Солардың қатарында Нұр-Сұлтанның "Барысы" да бар. Қазақстандықтардан бөлек, Риганың "Динамосы", Финляндияның "Йокериті" және Қытайдың "Куньлунь Ред Стар" клубтары да дәл сондай жағдайға душар болып отыр.

Қазіргі кезде ҚХЛ-дың басшылығы осы мәселені қалай оңтайлы шешеміз деп бас қатырып әлек. Ал онсыз күнтізбе жасау мүмкін емес. Жоғарыдағы келеңсіз жағдай айтулы хоккей лигасының беделіне елеулі нұқсан келтіріп отыр. Әрине, ҚХЛ додасын шетелдік командаларсыз-ақ өткізуге болады. Алайда одан айтулы жарыстың деңгейі едәуір төмендеп, жанкүйерлердің қызығушылығы күрт кемитіні анық.


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар