"Барыс" канадалық шабуылшымен келісімшартты ұзартты

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Канадалық шабуылшы Мэтт Фрэттин "Барыс" командасында ары қарай да қала береді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Ол бір жылдық, яғни 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жаңа келісімшарт жасады.

"Фрэттин елордалық жанкүйерлерге жақсы таныс. Мэттью "Барыс" сапында 160-тан астам кездесу өткізген", - делінген клуб таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, ҚХЛ-дың өткен маусымында Фрэттин "Барыс" сапында 55 кездесу өткізіп, 30 (12+18) ұпай алды. 

Метки: