"Барыс" канадалық шабуылшымен келісімшартты бұзды

©"Барыс" ХК

"Барыс" хоккей командасы канадалық шабуылшы Мэттью Фрэттинмен келісімшартты бұзды. Келісімшарт бір жақты бұзылған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, желтоқсан айының ортасында Фрэттин отбасылық жағдайына байланысты елордалық командадан кеткен болатын. 

Жалпы ол "Барыс" сапында Құрлықтық хоккей лигасында 194 кездесу өткізіп, 118 (54-64) ұпай жинаған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: