auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" хоккейшілері қытайлық "Куньлунь" командасын жеңді

Ойын 14 ақпанда кешкі уақытта Астанада өтті.

"Барыс" хоккейшілері қытайлық "Куньлунь" командасын жеңді
© "Барыс" ХК
"Барыс" хоккейшілері өз алаңында ҚХЛ чемпионаты аясында қытайлық "Куньлунь Ред Стар" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 14 ақпанда кешкі уақытта Астанада өтті. Есеп - 3:1. Оның хаттамасымен мына жерде танысуға болады. 

Кездесудің 15-ші минутында "Барыс" сапындағы сұрмерген Павел Акользин есеп ашты. Бұл шайба құрлықтықтық хоккей лигасында бір маусымда салынған "голдар" есебі бойынша астаналық командаға рекорд алып келді. 



Екінші айналымның басында "Барыс" капитаны Брэндон Боченски қарсыластар қақпасынан саңылау тапқан еді, алайда 22-ші минутта салынған шайбаны видеоқарау арқылы төреші есепке алмады. 30-шы минутта қазақстандық команданың сұрмергені Роман Старченко есепті еселеді.



Үшінші айналымда қос команда бір-бір шайбадан салды. 50-ші минутта Акользин екінші шайбасын салды. Осы кезде астаналық командандасы бір ойыншыға кем ойнады, осы сәтті жақсы пайдаланған қытайлық команда 54 секундтан соң "Куньлуня сапындағы канадалық Джастин Фонтэйн есепті бір ұпайға қысқартты. 



57 ойын өткізіп, 83 ұпаймен Чернышев дивизионында көш бастады және Шығыс конференциясында екінші орынға тұрақтады. 60 ойын өткізген "Авангард" 79 ұпаймен дивизионда екінші және конференцияда үшінші орында тұр. 

Келесі ойында "Барыс" 16 ақпанда өз алаңында "Авангардты" қабылдайды. Бұл ойын Астана уақытымен 17:00-де басталады. Бұл астаналық клубтың осы маусымда соңғы рет өз алаңда өнер көрсетуі. Дивизионда біріншілікті сақтау үшін "Барыс" негізгі уақытта тек жеңілмеуі керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар