"Барыс" хоккейшілері коронавирусқа тест тапсырып, маусым алдындағы жаттығуына кірісті

"Барыс" командасының қазақстандық хоккейшілері Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымына дайындықты бастады,- деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Хоккейшілер коронавирусқа тест тапсырып қойған. Бүгін, яғни 3 тамыз күні тесттің қорытындысын алып, медициналық тескеріске кіріскен. 

"Басқа хоккейшілерді күтіп жатырмыз. Олар шекараны өту мәселесін шешкеннен кейін командаға қосылады", - делінген клуб таратқан хабарламада. 





Метки: