"Барыс" еліміздегі карантинге байланысты жаттығу жиындарын кейінге шегерді

Сурет "Барыс" клубының сайтынан алынды.
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" маусым алдындағы жаттығу жиындарын кейінге шегерді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Оған коронавирусқа байланысты Қазақстан аймағында енгізілген карантин себеп болған. 

Еске салайық, бұған дейін COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында Қазақстанда карантин енгізілгені белгілі болған еді. Карантин 5 шілде күні басталып, 14 күнге созылады. 

Скабелка немесе Селин. "Барыс" қай бапкердің бастамасымен аз шайба жіберді?

Ал "Барыс" ойыншалары болса шілденің ортасында Нұр-Сұлтан қаласында жиналуы керек болатын. Енді елордалық клуб оқу-жаттығу жиындарын каратин біттенкен кейін бастайды. 

3 шілде күні басталуы керек болатын "Барыстың" жастар құрамасы жаттығуы да кейінге шегерілді.