auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" екінші ойын қатарынан "Сібірден" ұтылды

Бірер күн бұрын елордалық ұжым новосібірлік командадан 3:1 есебімен ұтылған болатын.

"Барыс" екінші ойын қатарынан "Сібірден" ұтылды
Барыс ХК
Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" екінші ойын қатарынан "Сібірден" ұпай ала алмады.

Бірер күн бұрын елордалық ұжым новосібірлік командадан 3:1 есебімен ұтылған болатын. Бүгін 4:0 есебімен есе жіберді. Екі ойын да Астанада өтті.

Бірінші кезеңде Йонас Энлунд "Барысты" алға шығарды. Араға 5 минут сала Иван Верещагин ойыншы басымдығын оңтайлы пайдаланып кетті.

Екінші кезеңде де қонақтар бір ойыншы басымдығы кезінде "Барыс" қақпасына үшінші шайбаны соқты. Бұл жолы Владислав Наумов нәтижелі соққысымен көзге түсті. Ойын аяқталар тұста Вячеслав Основин ашық қақпаны дәл көздеді.

Екі ойын қатарынан Астанада жеңіске жеткен "Сібір" ұпай саны бойынша "Барысты" қуып жетті. Қазіргі таңда командаларда 19 ұпайдан бар.



«Барыс» — «Сібір» 0:4 (0:2, 0:1, 0:1)

Шайбалар:
0:1 — 07:54 Демидов (Коньков). Тең құрамда
0:2 — 13:20 Верещагин (Наумов, Бергстрём). Ойыншы басымдығында
0:3 — 26:37 Наумов (Шаров, Коньков). Ойыншы басымдығында
0:4 — 57:20 Основин. Ойыншы басымдығында, ашық қақпа

«Барыс»: Кудрявцев 00:00-26:37, Карлссон 26:37-60:00 — Савченко, Шалапов, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин — Жайлауов, Доус, Михайлис, Вей, Бельгибаев, Никулин, Маркелов, Фрэттин, Балдин, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер;

«Сібір»: Красиков — Воробьёв, Демидов, Полашек, Алексеев, Игнатович, Верещагин, Наумов — Ткаченко, Основин, Закриссон, Бергстрём, Энлунд, Зырянов, Сигарёв, Первушин, Барбашев, Коньков, Шаров, Земченко.

Айып уақыты: 10:18 (4:12, 4:4, 2:2)
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар