КХЛ
5 тамыз 2020 10:51

АҚШ-та ойнаған қазақстандық хоккейші "Барыс" сапына қосылды

Тамирлан Гайтамиров. Сурет: shaiba.kz
Елордалық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы алдындағы жаттығу жиындарына кірісті. Команда кеше жаңа бас бапкер Юрий Михайлистің бастамасымен бірінші жаттығуын өткізді. 

Жаттығу жасап жатқан хоккейшілердің арасында Тамирлан Гайтимиров та болды. Ол соңғы бес жылда АҚШ жерінде жастар арасындағы түрлі лигаларда ойнаған еді,- деп жазады "Шайба.kz". 

19 жастағы хоккейші Чехияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының капитаны болған. Бұл турнирде Гайтемиров жеті кездесуге қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта "Барыс" сапында тек қана қазақстандық хоккейшілер дайындалып жатыр. Себебі, легионерлер Қазақстанға әлі келе алмай жатыр.