Владимир Газзаев "Ордабасыны" жаттықтырудан бас тартты

Владимир Газзаев. Сурет "Жетісу" сайтынын алынды.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Ресейлік маман Владимир Газзаев «Ордабасы» командасымен келісімге келе алмады.

40 жастағы маман шымкенттік клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер болған еді. Ол Шымкентке келіп, клуб директоры Бақтияр Байсейітовпен сөйлескен. Алайда ұсыныстан бас тартты. Бұған дейін ол «Ақтөбе» мен «Тобылды» жаттықтырған.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында «Ордабасы» 20 турда 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орын алды. Сөйтіп еурокубокке қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Метки:
Жаңалықтар