"Венгрия" құрамасының жартылай қорғаушысы "Қайрат" сапына ауысты
©dvtk.eu
Венгриялық "Диошдьер" өзінің ресми сайтында жартылай қорғаушы Акош Электің алматылық "Қайрат" сапына ауысқанын растады.
Бұған дейін Электің Қазақстанға келісімшарт жасау үшін келгені белгілі болған еді. 28 жастағы жартылай қорғаушы алматылық клуб сапында медициналық бақылаудан өтіп, содан соң келісімшарт жасайды. Бұл футболшының Transfermarket.de ұсынған мәліметі бойынша құны 800 мың еуро екен.
"Мен бұған дейін де шет елде ойнағым келетінін айтқан едім. Енді бұл мүмкіндікке қол жеткізіп отырмын. Шығыс Еуропа елдерінің клубына ауысқым келген. Бірақ ол жақтан маған ұсыныс болмады. Қазақстан біріншілігі соңғы кездері жақсы дамып келеді. Сондықтан маған өзімді жақсы қырынан көрсететін керемет мүмкіндік туып тұр", - деп келтіреді Электің сөзін клубтың ресми сайты.
Акош Элек карьерасында венгиялық "Казинцбарцика" және "Видеотон", қытайлық "Чанчунь Ятай", түркиялық "Эскишехирспор" секілді командалардың намысын қорғаған. Сонымен қатар Ұлттық құрамасы сапында 40 кездесу өткізген. Өткен жылы Франция жерінде өткен Еуропа біріншілігінде Венгрия құрамасымен бірге 1/8 финалға дейін жеткен.

Жарнама