auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Валенсия" сапына ауысатын кезді асыға күтіп жүрмін - Максимович

"Валенсия" сапына ауысатын кезді асыға күтіп жүрмін - Максимович
©superdeporte.es
Елордалық "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович SuperDeporte.es порталына берген сұхбатында "Валенсияға" ауысатын сәтті асыға күтіп жүргенін айтып берді. 

Максимович қаңтар айының басында"Валенсия" клубымен келісімшарт жасаған болатын. Оның испаниялық клубпен келісімшарты 2021 жылға дейін. Бұл уақыттың ішінде ол жаңа клубтан 7 миллион еуро табыс табады екен.

Максимовичтің "Валенсимен" келісімшартының күші тамыз айында күшіне енеді. қыста испаниялық клуб "Астанамен" жартылай қорғаушыны 300 мың еуроға сатып алуға тырысқан еді. Бірақ "Астана" клубына футболшыны жіберуден бас тартты.

SuperDeporte.es порталының тілшісімен Максимович Мербель қаласында Сербия жастар құрамасының Швецияға қарсы өткен кездесуінен кейін кездесіп, сұхбат беріпті. 

"Маған бірнеше клуб қызығушылық білдірді. Оның ішінде үш Испаниялық клуб та бар. Бірақ мен "Валенсияны" таңдадым. Себебі, маған бұл клубтың дамыту жолында жасап жатқан жобасы ұнады. 

Қазір "Валенсия" сапына ауысатын кезді асыға күтіп жүрмін. Аз уақыт қалды. "Астанадағы" қазіргі жағдайым жақсы емес. Өкінішке қарай, мен қазір ойнап жүрген жоқпын. Менің алаңдағы жақсы қырларым қайсы дейсіз ғой. Оны сіздер мен "Валенсиға" өткен кезде өздеріңіз көре жатарсыздар. Мен болашақ клубымның барлық кездесулерін тамашалап жүремін. Бірақ команда футболшыларының ешбірімен жеке таныс емеспін", - дейді Максимович. 

21 жастағы Максимович "Астана" сапында 2015 жылдың ақпан айынан бастап өнер көрсетіп келеді. Елордалық клуб сапында өткізген екі жылдың ішінде ол Қазақстан чемпионатын екі рет, Қазақстан кубогын бір рет жеңіп алды. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында өнер көрсетті.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама