Вахид Масудов "Ақтөбенің" бас бапкері атанды

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

61 жастағы қазақстандық маман Вахид Масудов "Ақтөбеге" бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Вахид Юнусұлы осы маусымның басында "Мақтаарал" клубын қолына алған еді. Бірақ "Ақтөбе" маусымның дәл ортасында Масудовпен келісім-шартқа отырды. Ал "Мақтаарал" бұл қызметке Константин Горовенконы шақырды.

Айта кетейік, Вахид Масудов бұған дейін "Тараз", "Қайрат", "Жетісу", "Атырау", "Ордабасы", "Астана-1964", "Ақжайық" секілді командаларды жаттықтырған.

Метки:
Жаңалықтар