Ал үздік бапкер атағы "Қайраттың" тізгінін ұстап жүрген Алексей Шпилевскийге берілген. Бұл маманға он бапкер дауыс беріпті.
Еске салайық, "Қайрат" 38 жастағы Лавтың команда қатарына қосылғаны туралы 8 шілде күні хабарлады. Ол алматылық клуб сапында үш кездесу өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
32 жастағы Шпилевский болса 2018 жылдың қараша айынан бері "Қайратты" жаттықтырып келеді.
Биыл клуб 18 ұпай жинап, әзірге Қазақстан Премьер лигасында көш бастап келеді.