КПЛ
9 қыркүйек 2020 16:16
 
Вагнер Лав тамыздың үздік футболшысы, ал Шпилевский үздік бапкері атанды

  Пікірлер

blog.share

Вагнер Лав тамыздың үздік футболшысы, ал Шпилевский үздік бапкері атанды Вагнер Лав. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әдеттегідей Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіп, тамыз айында ел біріншілігінің үздік футболшысы мен бапкерін анықтады,- деп хабарлайды "Қайраттың" баспасөз қызметі. 

"Тамыздың үздік футболшысы" атағы "Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лавқа бұйырыпты. Ол 14 ұпай жинаған. 

Ал үздік бапкер атағы "Қайраттың" тізгінін ұстап жүрген Алексей Шпилевскийге берілген. Бұл маманға он бапкер дауыс беріпті. 

Еске салайық, "Қайрат" 38 жастағы Лавтың команда қатарына қосылғаны туралы 8 шілде күні хабарлады. Ол алматылық клуб сапында үш кездесу өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. 

32 жастағы Шпилевский болса 2018 жылдың қараша айынан бері "Қайратты" жаттықтырып келеді. 

Биыл клуб 18 ұпай жинап, әзірге Қазақстан Премьер лигасында көш бастап келеді. 

Жарнама

Живи спортом!