Вагнер Лавқа дейін "Қайрат" сапында тоғызыншы нөмірмен Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ойнаған болатын. Алматылық клубтың бұрынғы капитаны БАӘ-де "Аль-айн" командасына ауысқаннан кейін, нөмір бос қалған.
Лав "Қайрат" сапына 23 маусым күні ауысты. 36 жастағы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласының тумасы 2004-2012 жылдар аралығында ЦСКА-ның сапында жасындай жарқырағаны барша жанкүйердің жадынды. Сол кездері мәскеулік ұжым Ресей чемпионатында үш мәрте топ жарды. Ел кубогын алты және супер кубогын төрт реттен иеленді. 2005 жылы УЕФА кубогын олжалады. ЦСКА-ның осындай зор табысқа жетуіне Лавтың қосқан үлесі орасан зор екені даусыз.
Одан бөлек, ол Бразилияның "Палмейрас" (2002-04, 2009-10), "Фламенго" (2010, 2012-13), "Коринтинас" (2015-16, 2019-20), Қытайдың "Шаньдун Лунэн" (2013-15), Францияның "Монако" (2016), Түркияның "Аланияспор" (2016-18) мен "Бешикташ" (2018-19) клубтарында ойнады. Бұл біріншіліктердің барлығында да Оңтүстік Американың оғыланы өзін жақсы қырынан көрсете білді.
2003 жылы Бразилияның жастар құрамасы сапында бес кездесу өткізген Вагнер Лав төрт рет нысананы дәл көздеді. 2004-07 жылдар аралығында ұлттық команданың жейдесін киді. Сол аралықта 20 рет жасыл алаңға шығып, төрт голдың авторы атанды.