76JPn18RPv29h1dqNGfJyUBzxCg5QkQbOX7AJJLb
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Вагнер Лав "Қайрат" сапында қай нөмірмен ойнайтыны белгілі болды

Вагнер Лав "Қайрат" сапында қай нөмірмен ойнайтыны белгілі болды
Вагнер Лав. Сурет: УЕФА©
Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав "Қайрат" сапында тоғызышны нөмірмен өнер көрсететін болды. Бұл туралы клубтың басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев "Третий тайм" бағдарламасында айтты. 

Бұл нөмір Лав үшін құтты болады деп сенеміз. Меніңше ол ұлттық құрамасы сапында да, ЦСКА сапында да осы нөмермен ойнаған сияқты", - деді Боранбаев. 

Вагнер Лавқа дейін "Қайрат" сапында тоғызыншы нөмірмен Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ойнаған болатын. Алматылық клубтың бұрынғы капитаны БАӘ-де "Аль-айн" командасына ауысқаннан кейін, нөмір бос қалған. 



Лав "Қайрат" сапына 23 маусым күні ауысты. 36 жастағы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласының тумасы 2004-2012 жылдар аралығында ЦСКА-ның сапында жасындай жарқырағаны барша жанкүйердің жадынды. Сол кездері мәскеулік ұжым Ресей чемпионатында үш мәрте топ жарды. Ел кубогын алты және супер кубогын төрт реттен иеленді. 2005 жылы УЕФА кубогын олжалады. ЦСКА-ның осындай зор табысқа жетуіне Лавтың қосқан үлесі орасан зор екені даусыз.

Одан бөлек, ол Бразилияның "Палмейрас" (2002-04, 2009-10), "Фламенго" (2010, 2012-13), "Коринтинас" (2015-16, 2019-20), Қытайдың "Шаньдун Лунэн" (2013-15), Францияның "Монако" (2016), Түркияның "Аланияспор" (2016-18) мен "Бешикташ" (2018-19) клубтарында ойнады. Бұл біріншіліктердің барлығында да Оңтүстік Американың оғыланы өзін жақсы қырынан көрсете білді.

2003 жылы Бразилияның жастар құрамасы сапында бес кездесу өткізген Вагнер Лав төрт рет нысананы дәл көздеді. 2004-07 жылдар аралығында ұлттық команданың жейдесін киді. Сол аралықта 20 рет жасыл алаңға шығып, төрт голдың авторы атанды.







Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар