Үндістан чемпионатындағы ең жылдам голдың авторы ҚПЛ клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

Тәжікстан құрамасының ойыншысы Комрон Турсунов Қазақстан чемпионатына ауысуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Комрон Үндістан бірінші дивизионындағы “ТРАУ” клубында доп тебеді. Алғашқы үш турдан кейін екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Бірінші турда “Реал Кашмир” клубына қарсы ойнап, тоғызыншы секундта есеп ашып, Үндістан чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соққан.

Қазіргі таңда қазақстандық бірнеше клубпен келіссөздер жүргізуде. Бәсекелестігі жоғары лигада өнер көрсету үшін жалақысының төмендеуіне де дайын екен. Transfermarkt порталы 24 жасар шабуылшыны 150 мың еуроға бағалауда.

Комрон тәжікстандық “Регар-ТадАЗ”, “Истиклол” және үндістандық “Мохун Баган” клубтарында өнер көрсеткен. Екі мәрте Тәжікстан чемпионатында жеңіске жеткен. Ұлттық құрама сапында 16 ойынға қатысып, бес мәрте қақпа торын тулатыпты.
Метки:
Жаңалықтар