Украиналық шабуылшы "Қайрат" командасы сапынан кетті

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

30 жастағы украиналық шабуылшы Адеринсола Эсеола алматылық "Қайрат" командасынан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Бұған дейін Эсеола ҚКФЛ-ның ресми сайтында "Қайраттың" тізімінен шығып қалған еді. Қазіргі уақытта украиналық шабуылшы карьерасын қайда жалғастыратыны белгісіз. 

Бұл шабуылшы "Қайрат" сапында үш жыл өнер көрсетті. Алматылық ұжым сапына ол 2018 жылдың шілдесінде оралдық "Ақжайық" сапынан ауысып келді. 2019 жылы Эсеола Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Ал араға бір жыл салып Қазақстан чемпионатында топ жарды. 

Биыл футболшы Қазақстан біріншілігінде 11 матчқа қатысып, бас-аяғы 329 минут ойнап, гол соға алмады. 

Жалпы "Қайрат" сапында Адеринсола Эсеола 84 кездесуге қатысып, 38 гол соғып, 10 голдық пас берген. 

Метки:
Жаңалықтар