КПЛ
12 қазан 2020 15:32
 
Украина құрамасының көшбасшысы "Астана" сапына ауысуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Украина құрамасының көшбасшысы "Астана" сапына ауысуы мүмкін Денис Гармаш. Сурет "Динамо" Киев сайтынан алынды.

Футболдан Украина құрамасы мен киевтің "Динамо" клубының жартылай қорғаушысы Денис Гармаш карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. 

"Футбол газеты" ақпараты бойынша, 30 жастағы жартылай қорғаушыға "Астана" командасы қызығушылық білдіріп отыр екен. Бірақ ол елордалық клуб сапына Вячеслав Грозный бас бапкер болып келетін болса ғана ауысады. 

"Егер ол қазақстандық командаға ауысса, ол ұжымның лидері болып, "Астананы" алға сүйрейтін болады", - делінген газетте жазылған материалда. 

Айта кетейік, Гармаш "Динамо" сапында 2007 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол киевтік команда сапында 184 кездесу өткізіп, 23 гол соққан. Төрт рет Украина чемпионы, екі рет Украина кубогі, төрт рет Украина Суперкубогін жеңіп алған. Украина ұлттық құрамасы сапында 30 кездесу өткізген. 

Еске салайық, "Астана" чехиялық маман Михал Билекпен келісімшартты бұзғаннан кейін бас бапкерсіз қалған болатын. Клубтың бас бапкері қызметін Пол Эшуорт атқарып келген еді. Бірақ 7 қазан күні ол да қызметінен босатылды. 

Жарнама

Живи спортом!