2MDJDQBU8DJAJ9ozKPRc4MQ7zzpOYLegdCAxHV9B
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Уфаның" бас бапкері Еркебұлан Сейдахметтің қанша уақытқа қатардан шығып қалғанын айтып берді

"Уфаның" бас бапкері Еркебұлан Сейдахметтің қанша уақытқа қатардан шығып қалғанын айтып берді
Сурет "Уфа" клубының ресми сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Уфа" клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахметтің жарақатына байланысты қатардан қанша уақытқа шығып қалғаны белгісіз болып тұр, деп хабарлайды "Башинформ"

Басылымның мәліметі бойынша, 19 сәуір күні "Уфа" клубы Ресей біріншілігінің 27 турында мәскеулік "Локомотив" клубына қарсы кездесудің алдында "Нефтяник" стадионында кезекті жаттығу жұмыстарын өткізді. Бапкерлердің нұсқауын орында кезінде 18 жастағы қазақстандық шабуылшы жарақат алып қалыпты. 

- Иә, ол жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Бірақ жарақаттың қаншалықты ауыр екенін кейін білеміз. Қазір ол емделіп жатыр. Нақты не болғанын және қатардан қанша уақытқа шығып қалғаны нақты белгісіз, - дейді "Уфа" клубының бас бапкері Сергей Семак. 

- Демеке ол қатардан шығып қалды ғой, иә?

- Иә, оның жарақатына қарағанда ол біраз уақытқа қатардан шығып қалды. Дәл қазір жарақат қандай, қаншалықты ауыр екенін білмеймін. Бірақ ол алдағы ойынға қатыса алмайды. 

Айта кетейік, "Уфа" келесі кездесуін көш басында келе жатқан "Локомотив" клубына қарсы өткізеді. Ойын 22 сәуір күні Мәскеу қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. 

Еске салайық, Сейдахмет "Уфаның" мәскеулік ЦСКА клубына қарсы өткізген кездесуін қатыса алмады. Жалпы қазақстандық шабуылшы Ресей біріншілігінде екі кездесуге қатысып, үш ойында қосалқы құрамда қалды. 

Отандасымыз "Уфа" сапына 2018 жылдың ақпан айында өтіп, ұзақ уақытқа келісімшарт жасады. Ал наурыз айында ол Қазақстан құрамасы сапында бірінші кездесуін өткізіп, Венгрияға (3:2) қарсы өткізген кездесуде бірінші голын соқты. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар