УЕФА: Қазақ жанкүйерлері қолдау көрсету жағынан бесінші орында
©kff.kz
2015-2016 маусым қорытындысы бойынша УЕФА "Fair Play" рейтингісі жарияланды. УЕФА рейтингісінде 2015 жылдың 1 мамыры мен 30 маусымы аралығында ойнаған құрамалар мен клубтардың ойындары есептеледі.
Жаңа ережеге сай, "Fair Play" жобасының бірнеше рейтингісі шығарылды. Жеңімпаздар үш категория бойынша анықталды. Олар – жанкүйерлер тәртібі, маусым үздігі және жалпы «Fair Play» рейтингісі.
Жанкүйерлер тәртібі бойынша Қазақстан 8,617 ұпай жинап, бесінші орынға жайғасты. Көш басында Эстония, Исландия, Норвегия және Уэльс елдері тұр. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Испания, Англия, Франция және Германия елдерін басып озды.
Қазақстан үздік бестікке "Fair Play" ережесін сақтап, қазақстандық футболшыларға қолдау көрсеткен жанкүйерлердің арқасында енді.
"Маусым үздігі" категориясы бойынша Қазақстан тоғызыншы орыннан көрінді. 2015 жылғы маусыммен салыстырғанда 2016 жылы біздің ел 0,379 ұпай артық жинады. Бұл аталым бойынша Беларусь топ басында. Екінші орында – Әзірбайжан. Үздік үштікте Латвия да бар.
"Fair Play" рейтингісінің жалпы қорытындысы бойынша 8,469 ұпаймен Норвегия алда келеді. Екінші және үшінші орындарды Финляндия және Швеция бөлісті. Қазақстан 8,258 ұпай жинап, 15-сатыға орналасты.
УЕФА әр рейтингтің жеңімпазына 50 000 еуро бөледі. Қаражат "Fair Play" жобаларын жүзеге асыруға жұмсалады. Биыл бұл сыйақыны Эстония, Беларусь және Норвегия елдері алды.
Айта кететін жайт, "Fair Play" бағасын УЕФА делегаттары береді. Олар жанкүйерлер мен командалардың тәртібіне сүйенеді. Сонымен қатар, қарсылас пен төрешіге деген құрмет бағаланады. Ойыншылардың сары және қызыл қағаз алуы да көрсеткішке әсерін тигізеді.

Жарнама