Твумаси "Спартакпен" өткен кездесуде жарақат алып қалды
Патрик Твумаси. Сурет "Астана" клубының ресми сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" мен Гана құрамасының шабуылшысы Патрик Твумаси БАӘ өтіп жатқан жаттығу жұмыстарын кезінде "Спартакқа" қарсы кездесуде жарақат алып қалды.
Твумаси мәскеулік клубпен өткен кездесуде негізгі құрамда алаңға шыққан еді. Бірақ бірінші таймда алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ол туралы шабуылшы "Спорт экспресс" басылымына берген сұқбатында айтты.
"Қазір жарақат алып қалдым. Қаншалықты ауыр екенін де білмеймін", - деді шабуылшы.
Сонымен қатар ол мәскеулік "Спартакқа" ауысу туралы сұраққа былай жауап берді - "Кешір, мен қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Алдымен жарақатым қаншалықты ауыр екенін анықтап алуым керек", - деді.
Дубай қаласында өткен ойын 3:2 есебімен елордалық клубтың пайдасына аяқталды. Бұл Станимир Стойловтың командасы үшін 2018 жылғы бірінші кездесуі болатын.
"Астана" келесі кездесуін 26 қаңтар күні өткізеді. Қарсыласымыз Ресей біріншілігінде төртінші орында келе жатқан "Краснодар" клубы болады.

Жарнама