Түркістан облысының "Тұран" командасы жазғы трансферлік кезеңде бірінші жаңа ойыншыны қатарға қосты. Ол "Дордой" командасының жартылай қорғаушысы Фархат Мұсабеков, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
Мұсабеков "Тұран" сапына екі апта бұрын келіп қосылған. Осы уақытқа дейін жартылай қорғаушы "Дордойдағы" командаласы Александр Мищенко екеуі бақылаудан өткен. Оның қорытындысы бойынша Мищенко өзінің бұрынғы командасына оралса, Мұсабеков түркістандық командамен келісімшарт жасады.
Мұсабеков жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Ол - Қырғызстан құрамасының ойыншысы. "Дордой" командасының вице-капитаны болған.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында бірінші маусымын өткізіп жатқан "Тұран" командасы 19-турдан кейін 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында келеді.